Инвестициялауға қатысты алаяқтық схемалар: ІІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

685

Елімізде ғаламтор арқылы инвестициялық жобаларға қатысты алаяқтық схемалар тарап жатыр. 

Инвестициялауға қатысты алаяқтық схемалар: ІІМ қазақстандықтарға ескерту жасады Фото: pixabay.com

Бұдан бөлек, мессенджерлер арқылы криптовалютаны сатып алу туралы алаяқтық жарнамалар орналастырылуда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Астанада әлеуметтік желілер арқылы инвестициялар арқылы ақша қаражатын көбейту туралы жарнама орналастырған азаматты құрықтады. Ол 20-дан астам алаяқтық жасаған, азаматтарға 2 млн теңгеден астам шығын келтірген. Ешқайда кетпеу туралы жазылым түріндегі бұлтарпау шарасы таңдалды", - деді Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай.

Спикердің айтуы бойынша, елорданың тағы бір тұрғыны мессенджер арнасы арқылы қолма-қол ақшаны көбейту және криптовалютаны тиімді сатып алу туралы алаяқтық жарнама орналастырған.

"Оның 30 ұқсас қылмысқа қатысы анықталды. Залал сомасы 20 млн теңгеден асты. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Мұндай алаяқтық схемалары танымал болып қала береді. Біз азаматтарға инвестициялау арқылы ақша табудың оңай жолдарынан сақ болуды ескертеміз", - деп атап өтті ол.

Еске сала кетейік, елордада пәтер кезегін жылжытуға уәде еткен алаяқ ұсталғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу