Инвесторлар 300 миллион доллар тұратын жобадан бас тартты

651

Өндірістің ашылуы 2020 жылға жоспарланған болатын   

Инвесторлар 300 миллион доллар тұратын жобадан бас тартты

Жобаны Кентау қаласындағы Қарашық ауылдық округінде іске қосу жоспарланған болатын. Оны түріктің Dal Holding Investment Co.Ltd компаниясы салады деп күтілген болатын. Алайда, құны 300 млн доллар тұратын жылыжай ешқашан іске қосылмаған.

"Жоғарыда аталған инвестор қазіргі уақытта Түркістан облысында жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырған жоқ", – деп хабарлады Түркістан облыстық инвестициялар және экспорт департаменті.

Бұған дейін жылыжай кешенінде қияр, қызанақ және болгар бұрышын өсіріледі деп хабарланған болатын. Атап айтқанда, бұл ауданнан жылына шамамен 80-100 мың тонна өнім алу жоспарланған болатын. Естеріңізге сала кетейік, құрылыс 2019 жылдың бірінші тоқсанына, ал іске қосу 2020 жылға жоспарланған болатын.

 

 



 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу