Ресми мәліметке сәйкес, халық саны 46 миллион 118 мың адамға жеткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Халық санының өсімі
2024 жылғы санақ деректері бойынша, өткен жылмен салыстырғанда халық саны 1 миллионнан астам адамға көбейген. 2024 жылдың қарашасындағы алдын ала бағалау бойынша, Иракта 45,4 миллион адам болған.
Иракта соңғы толық халық санағы 1957 жылы өткізіліп, сол кезде тұрғындар саны 6,5 миллион адамды құраған. Осы уақыттан бері ел халқы 39 миллионнан астам адамға көбейді. Ал 2009 жылы бейресми есептеулер бойынша халық саны 31,6 миллион болған.
Қала және ауыл халқының үлесі
Федералды Ирактың 70,17%-ы қалалық жерлерде тұрады.
Күрдістан аймағында бұл көрсеткіш 84,57%-ға жеткен.
Күрдістанда экономикалық белсенділік 46%, ал федералды аудандарда 41,6%.
Жас ерекшеліктері бойынша бөлініс:
- 5 жасқа дейінгі балалар – 11,16%
- 5-14 жас аралығы – 24,74%
- 15-64 жас аралығы (еңбекке қабілетті) – 60,44%
- 65 жастан асқандар – 3,66%
Білім мен сауаттылық
- Иракта бастауыш мектепке қабылдау деңгейі 88%, ал күрд аудандарында 93%.
- Жалпы сауатсыздық деңгейі – 15,31%, Күрдістанда 16,23%.
Некеге тұру және экономикалық белсенділік
- Ерлер орта есеппен 24 жаста, әйелдер 20,7 жаста шаңырақ көтереді.
- Экономикалық тұрғыда белсенді халық саны:
- Иракта – 41,61%
- Күрдістанда – 46,06%
- Мемлекеттік сектордағы жұмыс күші:
- Иракта – 38,25%
- Күрдістанда – 37,18%
Бұл санақ 1987 жылдан бері алғаш рет толық ауқымда өткізілді. 1997 жылғы санақта Күрдістан қамтылмаған, ал 2020 жылғы санақ пандемияға байланысты кейінге қалдырылған еді.
Ирак билігі халық санағының нәтижелерін экономикалық даму, ресурстарды жоспарлау және бөлу ісінде маңызды дерек көзі ретінде пайдаланбақ.