Ирак Қытайға ай сайын мұнайдың 4 млн баррелін сатпақ

761

Қос ел арасындағы сауда 5 жыл бойы жүзеге асады.

Ирак Қытайға ай сайын мұнайдың 4 млн баррелін сатпақ

Ирак  Қытайдың China Zhenhua Oil компаниясымен келісімшарт жасасып,оған ірі көлемде мұнай сатуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Bloomberg басылымы хабарлады.

Құжат күшіне енуі үшін Ирактың министрлер кабинеті қол қоюы тиіс. Келіссөздерді State Oil Marketing Organization компаниясы мен China ZhenHua Oil компаниясы жүргізбек. Ресми дерекке сүйенсек, Қытай алдағы бес жыл бойы Ирактан ай сайын мұнайдың 4 млн баррелін сатып алып отырады. Осы уақыт аралығында сатылатын шикізаттың құны шамамен 4 млрд доллар.

Zhenhua Oil – 2003 жылы ҚХР-дың мемлекеттік қорғаныс мердігерінің еншілес кәсіпорны ретінде құрылған мұнай сатумен айналысатын компания. 

Табиғат Нұрболат

Фото: qz.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу