banner

Қытай ең ірі мұнай өңдеуші атануы мүмкін

774

Пандемия кезінде Азия елдерінде мұнай мен пластикке деген сұраныс артты.

Қытай ең ірі мұнай өңдеуші атануы мүмкін

АҚШ мұнай өңдейтін зауыттарын жауып жатса, Қытай, керісінше, "қара алтында" өңдеу көлемін арттыруда. Bloomberg агенттігінің дерегінше, алдағы уақытта бұл елде осындай бағытта жұмыс істейтін төрт зауыт салынбақ. 

Коронавирус пандемиясы кесірінен жанармайға деген сұраныс азайғаны анық. Яғни өндіріс пен өңдеу көлемі де азайды деген сөз. Дегенмен Азия елдерінде мұнай мен пластикке деген сұраныс, керісінше, артып отыр. 

Дағдарысқа ұшыраған АҚШ пен Еуропа  экономикаларына қарағанда Қытай мен Азиядағы бірқатар елдің экономикасы тез қалпына келуде. Bloomberg агенттігінің болжамына сүйенсек, 2021 жылы Қытай мұнай өңдеу жағынан әлемдік көшбасшы атанып, АҚШ-ты артта қалдыруы мүмкін. Америка мен Еуропаның баламалы қуат көзіне ауысуы бұл процесті жеделтетпек.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу