TikTok әлеуметтік желісіне ие қытайлық ByteDance компаниясы Иллинойс штатындағы ұжымдық қуынымды реттеу үшін 92 млн доллар төлеуге келісті, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Өткен жылы Иллинойс штатында ByteDance және оған тиесілі әлеуметтік желінің америкалық бөлімшесіне қатысты сот ісі қозғалды. Компанияға жеке деректерді сақтау қауіпсіздігі нормаларын бұзды деген айып тағылды.Қуынымды жібергендер әлеуметтік желінің басшылығы пайдаланушылардың биометриялық мәліметтерін үшінші тұлғаларға жібереді деп мәлімдеген болатын.
"Біз бұл айыптармен келіспейміз, ұзаққа созылған дауға қатысудың орнына TikTok пайдаланушылары қауымдастығын қауіпсіз және қызықты атмосферамен қамтамасыз етуге назар аударғымыз келеді",– деді әлеуметтік желі басшылығы.
Компания төлейтін 92 млн доллар қуынымды жіберген 20 адамға үлестіріледі. Мәміленің шарттарын сот мақұлдауы керек.
Табиғат Нұрболат