Қытай Байденді құттықтады

664

Ресей болса, сайлау қорытындысының ресми түрде жариялануын күтіп отыр.   

Қытай Байденді құттықтады

Джозеф Байденнің сайлауда жеңіске жеткені ресми түрде жарияланбаса да, Қытай билігі оған құттықтауын жолдады. Бұл туралы Қытайдың Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі хабарлады. 

"Біз АҚШ-тағы президент сайлауына байланысты барлық реакцияларды бақылап отырмыз. Америкалықтардың таңдауын қолдаймыз. Осы орайда Байден мырза мен Харрис ханымды құттықтаймыз", – деді дипломат.

Бұған дейін Байденді Түркия басшысы Реджеп Тайып Ердоған, Германия канцлері Ангела Меркель, Франция президенті Эммануэль Макрон, Сауд Арабиясының королі Сальман бен Әбдел Әзиз Әл Сауди, Жапония премьері Есихида Суга құттықтаған болатын. Ресей болса, сайлау қорытындысының ресми түрде жариялануын күтіп отыр.

Өткен аптада Құрама Штаттарда президенттік сайлау өткен еді. Одан бөлек халық вице-президентті, өкілдер палатасының барлық мүшесін, сенаттың үштен бір бөлігін, бірнеше губернаторды таңдады. Сайлау қорытындысы ресми түрде әлі жарияланбады. Дегенмен жетекші америкалық басылымдардың алдын ала есебі бойынша сайлауда Байден басым түсті. Ол өзін мемлекет басшысы болып сайланғанын мәлім етті.

Ақ үйдің қазіргі қожайыны Дональд Трамп болса, саяси додада заң бұзушылықтардың болғанын және Жоғарғы Сотқа шағым түсіретінін айтып, қарсыласының жеңіске жеткенін мойындамай отыр. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу