Құрама Штаттар билігі TikTok видео сервисіне тыйым салу процесін 4 желтоқсанға дейін шегерді. Бұл шешімді шетелдік инвестиция жөніндегі Комитет қабылдаған.
Бұған дейін ByteDance компаниясының TikTok-пен байланысы бар АҚШ-тағы барлық активтерден бас тарту туралы келісімі де 15 күнге кейінге шегерілген болатын. Компанияның мәліметінше, шетелдік инвестиция жөніндегі комитет келісімге қол жеткізу үшін 27 қарашаға дейін уақыт берген.
Еске сала кетсек, 18 қыркүйекте Құрама Штаттарда тұратындар TikTok немесе WeChat жаңартуларын орната алмайтыны жарияланған еді. Билік тұтынушыларды бұл сервистерді смартфондарынан өшіруге мәжбүрлемейді, бірақ Apple және Google компаниялары аталған қытайлық бағдарламаларды АҚШ территориясындағы платформалардан алып тастауға міндеттелді.
Табиғат Нұрболат