Ирак премьер-министрі шетелдік әскерлерді елден шығаруға шешім қабылдады

372

Тиісті шешім АҚШ-тың әуе шабуылынан кейін қабылданды. 

Ирак премьер-министрі шетелдік әскерлерді елден шығаруға шешім қабылдады Фото: media.az

Ирак үкіметі АҚШ бастаған халықаралық әскери коалицияны елден шығару процесін бастауға шешім қабылдады. Бұл туралы елдің Премьер-министрі Мұхаммед ас-Судани айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты media.az порталына сілтеме жасап.

Бағдадтағы америкалық әуе шабуылы салдарынан Иранға қарсы топтың ықпалды командирі Муштак Әл-Джавари өлтірілгеннен кейін ас-Суданидің тиісті мәлімдемесі шықты.

“Ел Үкіметі Иракта халықаралық коалиция күштерінің қатысуын біржола тоқтату бойынша шаралар қабылдау үшін екіжақты комитеттің басталу күнін белгілейді”, - делінген премьер-министр кеңсесінің хабарламасында.

Айта кету керек, осыған дейін АҚШ-тың Ирак, Израиль және Сирияны атқылағаны туралы ақпарат шыққан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу