Иранда автобус пен автоцистерна соқтығысып, 30-дан аса адам опат болды. Тағы оны жарақат алды, деп хабарлайды 24.kz.
Оқиға Иранның Күрдістан провинциясындағы Санандадж қаласында болған.
Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауынша, соқтығысқан екі көліктің бірінен жанармай төгіліп, өрт шыққан. Оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары басталып, елде үш тәулік қаралы күн жарияланды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу