Иран АҚШ-тан төнуі мүмкін қауіп-қатерге дайындалып жатыр

Тегеран көрші елдерге ескерту жасап, олар Вашингтонға көмектескен жағдайда не болатынын ашық айтты.  

Иран АҚШ-тан төнуі мүмкін қауіп-қатерге дайындалып жатыр Фото: Газета.Ру

Осы күні Иран әскеріне жоғары әскери дайындық режимін енгізіп үлгерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Иранның жоғарғы көшбасшысы Али Хаменеи АҚШ президенті Дональд Трампттың соққы жасау туралы сөзінен соң әскеріне жоғары дайындық режимін бастады.

Сондай-ақ Иран елі Ирак, Кувейт, БАӘ, Катар, Түркия мен Бахрейнге хат-хабарлама жолдап, АҚШ-тың Иранға шабуылын кез келген түрде қолдау, яғни олардың әуе кеңістігін немесе аумағын америкалық әскерилер қолданса, бұл "қастық актісі" ретінде қаралатынын ескертті. Иран басшылығы мұның салдары ауыр болатынын жеткізді.

30 наурызда Трамп NBC News-ке берген сұхбатында Вашингтон мен Тегеран ядролық бағдарлама бойынша келісім жасамаса, АҚШ Иранға соққы төндіру қаупі ықтимал екенін айтқан болатын.

– Егер келісімге қол қоймаса, бомбалау басталады. Мұндай соққыны олар бұған дейін көрмеген, – деген еді АҚШ президенті.

Бұған дейін Иранның Трамптың ұсынысын қабылдамай қойғанын жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу