Қазақстанға алғаш рет Ираннан отандық зауыттарда өңдеу үшін алтын әкелінді. Бұл туралы ҚР Үкіметінің отырысы барысында инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Альберт Рау мәлім етті, деп хабарлайды strategy2050.kz.
"Біз Ираннан алғаш рет әзірше көлемі 125 келіні құрайтын алтын әкелдік. Отандық компания алтын кен орындарын қазумен айналысады. Жыл соңына дейін тағы 500 келіге жуық әкелеміз. Егер қазір біз 11 тоннаға шықсақ, бұл 700 келі – едәуір үлес болмақ. Келесі жылы олар Иранда өндірілген 2 тоннадай алтынды отандық аффинаждық зауытта өңдеуді жоспарлап отыр", - деп хабарлады инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Альберт Рау.
Министр қара металлургия өндірісі көлемдерінің өсуін алтын өндірісінің ұлғаюымен байланыстырады. Оның айтуы бойынша, елде өндірілген барлық алтын отандық зауыттарда өңделеді.
"Өңделмеген алтын өндірісі 19%-ға ұлғайған. Тазартылған алтынның 19%-ға өскеніне назар аудару қажет. "Қазақмыс" тазартылған алтын өндірісін ұлғайтты. Бүгінгі күні елімізде өндіріліп жатқан алтынның барлығы отандық зауыттарда өңделуде", – деп атап өтті А. Рау.