Иран ЕАЭО-мен ықпалдасуға ниетті

960

Иран ЕАЭО-мен ықпалдасуға ниетті

Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы (ЕЭК) Тигран Саркисян Иран Ислам Республикасының Ресей Федерациясындағы елшісі Меди Санаимен бірге Иран мен Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында еркін сауда аймағын құруға қатысты мәселені талқылады, деп хабарлайды ЕАЭО-ға сілтеме жасаған "ҚазАқпарат" ХАА.

Тигран Саркисян еркін сауда аймағын құру – еуразиялық интеграциялық бірлестік пен Иран арасындағы байланыстардың маңызды аспектілері болып отырғандығын атап өтті. ЕЭК алқасының төрағасының сөзінше, Иран ЕАЭО елдері үшін еркін сауда аймағын құру мәселесі бойынша басымдыққа ие елдердің бірі. Одаққа мүше мемлекеттердің басшылары да Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран арасындағы қырам-қатынастарды тереңдетуді қолдайды. "Біздіңше екіжақты қарым-қатынаста экономикалық өсімді қамтамасыз ете алатын салмақты әлеует бар",– деді ЕЭК алқа төрағасы.

Өз кезегінде Мехди Санай Иранның Одаққа мүше елдермен еркін сауда аймағын құруға ерекше ықыласты екендігін және бұл процестің мүмкіндігінше жедел жүруін қалайтындығын айтты. "Иран ЕАЭО ұйымына мүше елдердің барлығымен жақсы қарым-қатынаста. Сондықтан бізде тиімді ынтымақтастықты қалыптастыру үшін барлық шарттар бар", – деді Иран Ислам Республикасының Ресей Федерациясындағы елшісі. Кездесу соңында тараптар Мехди Санаидың Иранда ғалымдар мен іскер топ өкілдерінің қатысуымен ЕЭК жұмысын насихаттау, ЕАЭО жұмысы мен оған мүше елдермен арадағы экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларын болашағына қатысты конференция өткізу бастамасын қолдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу