Air Astana мен FlyArystan Иран мен Иракты айналып ұшатын болды

290

Қос компанияның баспасөз қызметі жолаушыларға алдын ала хабар таратып отыр.

Air Astana мен FlyArystan Иран мен Иракты айналып ұшатын болды Фото: Вячеслав Фирсов

Иран мен Ирак әуе кеңістігін жапқан соң Air Astana мен FlyArystan компанияларының кейбір тұрақты және жеке рейстерін өзгертті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Air Astana тобы Иран мен Ирак әуе кеңістігінің жабылуына байланысты кейбір Air Astana және FlyArystan тұрақты және чартерлік рейстерінің бағытындағы өзгерістер туралы жолаушыларды хабардар етеді. Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха, Манама және Мединаға рейстер Иран мен Ирак әуе кеңістігін айланып ұшады", – деп хабарлады Fly Arysran әуе компаниясы.

Бұл ретте олар осы өзгерістерге байланысты кейбір рейстердің кестесі де өзгеретінін ескертті.

Айта кетейік, бүгін Иран мен Израиль арасындағы ахуал ушықты.

Осыған байланысты Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігі Израильдегі барлық Қазақстан азаматына қауіпсіздік шараларын сақтап, елшілікпен байланыста болуын сұрайды.

Ол үшін ондағы Қазақстан азаматтарына жедел желі телефон нөмірлерін жариялады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу