Иран мен Кувейт сәуірде мұнай бағасын түсіреді

1289

Ирактың SOMO деп аталатын мемлекеттік мұнай өндіруші компаниясы "қара алтын" экспортын көбейтпек. 

Иран мен Кувейт сәуірде мұнай бағасын түсіреді

ОПЕК құрамына кіретін Иран мен Кувейт елдері келесі айда шикізат құнын төмендетеді. Бұл туралы Bloomberg басылымы хабарлады. Бұған дейін Сауд Арабиясы осындай шешім қабылдаған еді. 
Кей ақпарат құралдарының мәліметінше, қос елдің мұндай қадамға баруына Ресей мен Сауд Арабиясының шикізат бағасына қатысты ортақ мәмілеге келе алмауы түрткі болған. 

Сәуір айында Иран Азияға сатылатын Basrah Light сұрыпты мұнайдың бір баррелін 5 долларға түсіреді. Ал Saudi Aramco Arab Medium сұрыпты мұнай құнын 6 долларға кемітіпті. 

Ирактың SOMO деп аталатын мемлекеттік мұнай өндіруші компаниясы болса, сәуірде "қара алтын" экспортын көбейтпек. 

Еске сала кетсек, 6 наурызда Ресейдің энергетика министрі Александр Новак ОПЕК-ке мүше елдердің өндірісті қысқарту бойынша міндеттемелерінің мерзімі 1 сәуірден бастап аяқталатынын мәлім еткен болатын. Бірнеше күн бұрын ресми Эр-Рияд коронавирус эпидемиясына байланысты мұнай өндірісін азайтуды ұсынған болатын, бірақ Мәскеу келісе қоймады. Артынан шикізат бағасы күрт  арзандап, қор нарығындағы көрсеткіштер төмендеп кетті. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу