Иран президенті достас және көршілес елдерге өте маңызды үндеу жасады

Оның сөзінше, Иран тарапы қақтығысты дипломатиялық жолмен болдырмауға тырысқан.  

Иран президенті достас және көршілес елдерге өте маңызды үндеу жасады Фото: РИА Новости

Десе де, ел президенті Масуд Пезешкиан Израиль мен АҚШ-тың әскери агрессиясы елге өзін қорғаудан басқа амал қалдырмай отырғанын айтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сол себепті, ол достас және көршілес елдердің басшыларына үндеу жасаған. 

– Біз сіздердің егемендіктеріңізді құрметтейміз және аймақтың қауіпсіздігі мен тұрақтылығына оның елдерінің бірлескен күш-жігері арқылы қол жеткізу керек деп санаймыз, – деп жазды Пезешкиан әлеуметтік желідегі парақшасында. 

28 ақпан күні Израиль мен АҚШ Иранға қарсы ауқымды шабуылды бастады. Әскери операция туралы Дональд Трамп та хабардар етті. Ізінше жауап ретінде Тегеран Таяу Шығыстағы және Израиль аумағындағы америкалық базаларға шабуыл жасауға көшті.

Бір күннен кейін Иранның жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи өлі табылды. Оның резиденциясына 30 бомба тасталғаны туралы деректер бар. 

Иран дереккөздерінің мәліметінше, соққылар салдарынан елде 200-ден аса адам қаза тауып, 700-ден көбі жарақаттанған. Шабуылдар Иранның 14 провинциясын қамтып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу