Иран президенті өмірінің соңғы күндерін қайда өткізді?

242

Иран президенті өмірінің соңында Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездесіп, шекара бойындағы Аракс өзенінде салынған бөгетті пайдалануға беру рәсіміне қатысты.  

Иран президенті өмірінің соңғы күндерін қайда өткізді? Фото: Zerkalo.az

Іс-сапар аяқталып, Раиси Әзербайжанмен шекарада орналасқан иранның Шығыс Әзербайжан провинциясынан үйіне қайтпақ болған, деп жазады inbusiness.kz.

Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев пен Иран Ислам Республикасының Президенті Сейед Ибрахим Раиси 19 мамырда Араз өзенінде салынған "Худаферин" су электр кешенін іске қосу және "Гыз Галасы" ГЭС-нің ашылу салтанатына қатысты. 

Trend хабарлағандай, алдымен мемлекет басшылары "Худаферин" және "Гыз Галасы" су тораптарын іске қосты.

Әзербайжан-Иран шекарасында, Араз өзенінде салынған "Худаферин" және "Гыз Галасы" су электр кешендері электр қуатын өндіру және суару үшін керек. Гидроэлектр жобалары 1977 жылы қазанда Кеңес Одағы мен Иран арасында қол қойылған келісім негізінде жасалған. 1990 жылдардың басында жобалары қайта қаралған гидроэлектр кешендерінің құрылысы Арменияның Әзербайжан аумағының 20 пайызын басып алуы нәтижесінде тоқтатылғанымен, құрылыс жұмыстарын кейіннен тек Иран Ислам Республикасы жүргізді.

Араз өзенінің су ресурстарын ұтымды пайдалану есебінен электр энергиясын өндіру мен егістік алқаптарды сумен қамтамасыз етуді жақсартуға мүмкіндік беретін "Худаферин" мен "Гыз Галасы" су электр кешендерінде бөгеттерді салу жұмыстары аяқталып, су қоймаларын толтыру жұмыстары басталды.

"Худаферин" су қоймасына 503 миллион текше метр, ал "Гыз Галасы" су қоймасына 42 миллион текше метр су жиналды. Бұл оның жалпы көлемінің 40 және 85 пайызы.

Иран президенті ұшқан тікұшақ жексенбіде Иранның солтүстік-батысындағы, Әзербайжан мен Түркия шекарасына жақын тауларда апатқа ұшырағанын еске саламыз. Көп ұзамай The Atlantic авторы Араш Азизи 20 мамырға қараған түні Иран президенті Ибрагим Раисидің қайтыс болғанын хабарлады https://inbusiness.kz/kz/last/bak-iran-prezidentinin-kajtys-bolganyn-habarlady, бірақ ол кезде Иран басшысының өлімі ресми расталған жоқ еді. Ақыры Reuters агенттігі Иран Президенті Ибрахим Раиси мен оның сыртқы істер министрі тікұшақ апатынан қаза болғанын жазды.

Раиси мен тікұшақта болған басқа адамдардың барлығы қаза тапқаны ресми расталды. Сарапшылардың айтуынша, Раисидің өлімі халықтың емес, бірінші кезекте билік жүйесін алаңдататын жағдай, өйткені үкімет жұмысын қайта қарап, жаңа басшыны тағайындау керек. Иран Конституциясы бойынша, егер президент қайтыс болса немесе екі ай ішінде өз функцияларын орындай алмаса, Хаменей оның орнына бірінші вице-президентті, Иран үкіметінің бас үйлестірушісі Мұхаммед Мохберді тағайындай алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу