Иран Салман Рушдидің шабуылына қатысы жоқ екенін мәлім етті

506

Тегеран билігі шабуылдаған адамның кім екенін білмейді.

Иран Салман Рушдидің шабуылына қатысы жоқ екенін мәлім етті

Иран әйгілі жазушы Салман Рушдиге жақында жасалған шабуылға қатысы жоқ екенін мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ислам Республикасының Сыртқы істер министрлігі бұған жазушының өзі және оның қолдайтындар кінәлі деп мәлімдеді.

"Иран Рушдиге шабуыл жасады" деп айыптауға ешкімнің құқығы жоқ", – деді Иран СІМ өкілі Нассер Канаани. 

Оның айтуынша, Иран тарапы шабуылдаған адамның кім екенін де білмейді.

Бұған дейін Нью-Йорк штатында "Шайтанның өлеңдері" романының авторы Салман Рушдиге шабуыл жасалған болатын. Оның Чаутоква институтындағы дәрісі басталмай тұрып, ер адам Рушдиді 10 мәрте пышақтады. Ол тікұшақпен UPMC Hamot Surgery Center ауруханасына жеткізілді.

75 жастағы жазушыға қастандық жасаған – 24 жастағы Хади Матар есімді Нью-Джерси тұрғыны.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу