Иранның Керман қаласындағы генерал Касем Сүлеймани жерленген зират маңында болған екі жарылыстан кемінде 103 адам қаза тауып, тағы 170 адам жараланды. Бұл туралы Иранның Tasnim агенттігі Ислам Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі ұйымына сілтеме жасап мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
Ведомствоның мәліметінше, зардап шеккендердің арасында кемінде алты бала бар. Бұған дейін ұйым 53 құрбан мен 71 жарақат алғаны туралы мәлімет берген.
Tasnim агенттігінің хабарлауынша, бірінші жарылыс Сүлеймани бейітінен 700 м қашықтықта, екіншісі оқиға орнынан шамамен 1 км қашықтықта болған.
Керман провинциясының губернаторы жарылыстарды теракт деп атады.
Бұған дейін генерал Касем Сүлейманиді еске алу шарасы барысында жарылыс болғанын жазғанбыз.