Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылда ветеринариялық режим жарияланады.
“Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Тоқшын ауылдық округі Камышлово ауылының ірі қара малдың бруцеллезі бойынша шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режимі белгілесін”, - делінген Тоқшын ауылдық округі әкімінің жария талқылауға ұсынған шешімінде.
Ақпаратқа сәйкес, биыл ірі қара малдан алынған қан сынамаларының қорытындысы бойынша 5 сынама бруцеллезге оң нәтиже көрсеткен.
“2023 жылы Аққайың ауданы Камышлов ауылында ірі қара малдан бруцеллез аурына жүргізілген жоспарлы диагностикалық зерттеу зерттелген 201 қан сынамасының 5 сынамасы бруцеллезге оң нәтиже көрсетті. Осыған байланысты Камышлов селосында ірі қара малдың бруцеллезі бойынша шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешім қабылдау қажет", - делінген құжатқа қосымша берілген ұсыным хатта.
Құжатты көпшілік талқылау 31 мамырға дейін жалғасады.