banner

Ірі кәсіпорындар қызметкердің өзі қалаған уақытында еңбек демалысын береді

969

BBC басылымының жазуынша, жұмыс орны көп болған сайын, қызметкерлерге ұсынылатын жеңілдіктер де арта береді.

Ірі кәсіпорындар қызметкердің өзі қалаған уақытында еңбек демалысын береді

BBC басылымы қызметкерлердің сапалы жұмыс істеуі үшін не амал қолдану керектігін жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Бүгінгі таңда көптеген компаниялар қызметкерлерін ұстап қалу үшін оларға түрлі жеңілдіктер қарастыруда. Бірі жаттығу залына абонемент берсе, біреулері емдік-сауықтыру шараларын ұсынып, көбірек саяхаттауға мүмкіндік беруге тырысып-ақ жатыр. 

BBC басылымының жазуынша, жұмыс орны көп болған сайын қызметкерлерге ұсынылатын жеңілдіктер де арта береді.

"Кез келген жұмыс беруші қызметкерлерінің көңілі жайлы, психологиялық күйі жақсы болғанына мүдделі. Себебі қызметкердің жеке проблемасы аз болған сайын, оның жұмысы өнімдірек болатыны белгілі", – дей келе, автор қызметкерлерге ұсынылатын тиімді жеңілдік түрлеріне тоқталған.

"Netflix секілді өте ірі кәсіпорындар қызметкерге өзі қалаған уақытқа еңбек демалысын алуға мүмкіндік береді. Манчестер бизнес мектебінің профессоры Кэри Купердің айтуынша, мұндай жеңілдіктер қызметкердің өз өзіне деген сенімі мен бағасын арттырып қана қоймайды, PR тұрғысынан да керемет мүмкіндік",– деп жазады басылым.

Автордың жазуынша, тізімде тегін кешкі ас пен сусындар көпшілік ойлағандай тиімді болмай, 38-орыннан көрінген.

"Жұмыс орнын үйге ұқсатуға тырыспай, қызметкерлерге үйде отырып жұмыс істеуге мүмкіндік беруге көшкен жөн",– деп жазады автор.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу