Оқыс жайт Еңбекшіқазақ ауданының Қорам ауылында болды. Балалар жолдың жиегінде тұрған. Қазір 8 жастағы екі қыз өлім мен өмір арасында жатыр. Дәрігерлер есін жимаған қыздардың жағдайы өте ауыр екенін айтады. Арнайы апараттың көмегімен тыныс алып жатқан 2012 жылғы туған екі қыздың жамбас сүйектері сынып, бас ми жарақатын алған. Ал ауруханаға жатқызылған тоғыз жастағы үшінші қыздың балтыры зақымданған. Жағдайы тұрақты. Өкініштісі, көлікті мас күйінде жүргізгендерге жаза былтырдан бері қатаңдатылғанымен ішімдікке сылқия тойып, көлікке отыратындар әлі азаймай тұр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу