Ішінде 49 жолаушы бар автобус аударылды

981

Ішінде 49 жолаушы бар автобус аударылды

"Батыс Еуропа – Батыс Қытай" автодәлізінің Жамбыл облысы аумағында ірі жол апаты болды. Алматыдан Оңтүстік Қазақстан облысына бет алған автобус жүргізушісі жылдамдықты шамадан тыс асырып, Айша-бибі ауылы маңында жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, аударылып қалды, деп хабарлайды abctv.kz.

Көлікте жалпы саны 49 жолаушы болған. 
30 азамат Тараз қалалық №1 ауруханасына жеткізілген. Олардың арасында ауыр жарақат алған 20 жастағы қыз бақилық болса, тағы тоғызының жағдайы мүшкіл.
Автобус жолаушыларының барлығы ОҚО мен Алматы қаласының тұрғындары. Арасында Өзбекстан азаматтары да бар. Көлік ішінде жаншылып қалған азаматтарды жолай кетіп бара жатқан жүргізушілер шығарып алған.  
Жамбыл облысында туыстары жоқ зардап шегушілерге жергілікті билік көмек қолын созып, ем-дом алуларына жағдай жасайтын болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу