Ішкі істер министрлігі Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады

1577

Алайда вице-министр толық мәлімет айтпады.  

Ішкі істер министрлігі Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады Фото: inbusiness.kz

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың 9 қараша күні елорда мейрамханаларының бірінде әйел өліміне қатысы бар екенін растады, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

Министрдің орынбасары бұл сұраққа қысқа жауап қайырды.

"Мен оның ұсталғанын білемін. Тергеу шаралары жүріп жатыр. Қалғандары бойынша түсініктеме бере алмаймын. Жұмыс аясында сізге қосымша ақпарат беріледі", деді вице-министр БАҚ өкілдеріне.

Еске сала кетсек, бұған дейін Бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінгенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу