Исламбек Қуат: Бар кінә менен болды

1854

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат Кипрмен болған ойыннан кейін бар кінәні өзіне алды.

Исламбек Қуат: Бар кінә менен болды

"Негізі біз ойынды өте жақсы бастадық. Қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғысымыз шексіз. Бапкерлер мен командадағы әріптестерімнен, жанкүйерлерден кешірім сұрағым келеді. Бүгін менің кесірімнен жеңіліп қалдық. Себебі, мен 100 пайыз гол салатын екі мүмкіндікті мүлт жібердім. Сол жағдайда гол салғанымда есеп бірінші таймда 3:0 болатын еді. Біз жеңіске жететін едік. Бар кінәні мен өз мойныма аламын",– деп өкінішін білдірді ойыннан соң футболшы.

Еске сала кетсек, кеше Кипр құрамасымен кездескен Қазақстан командасы өз алаңында жеңіліп қалды. Әлбетте, команданың жеңілісіне бірінші кезекте чех маманы Михал Билек жауап беретіні анық. Алайда бар жауапкершілікті Исламбек Қуат өзіне алды.

"Иә, олардың шамасы белгілі еді. Бірінші таймда біз олардан анағұрлым жақсы ойнадық. Екінші таймда да бізде мүмкіндіктер көп болды. Жеңіске жеткіміз келіп шабуылға шықтық та, қақпамызға екі доп өткізіп алдық",– деп отыр ұлттық құраманың жартылай қорғаушысы.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу