Испания Премьер-министрі жезөкшелікке тыйым салуға уәде берді

690

Қазіргі уақытта бұл елде шамамен 300 мың жезөкше жұмыс істейді.

Испания Премьер-министрі жезөкшелікке тыйым салуға уәде берді Фото: reuters.com

Испания Премьер-министрі Педро Санчес жезөкшелікке тыйым салып, онымен айналысқандарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға уәде берді, деп хабарлайды Inbusiness.kz BBC-ге сілтеме жасап. 

Испанияда жезөкшелік олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 1995 жылдан бері қылмыс деп есептелмейді. Бірақ клиенттер мен жезөкшелер арасындағы делдалдық, яғни жеңгетайлық заңсыз болып саналады. Соңғы мәлімет бойынша, қазіргі уақытта Испанияда шамамен 300 мың жезөкше жұмыс істейді. 

Испанияның Социалистік жұмысшылар партиясы 2019 жылғы сайлау манифесіне жезөкшелікке тыйым салу бастамасын қосқан еді. Бірақ сол уақыттан бері бұл бағытта ешқандай жұмыс істелмеді. Секс-индустрияны зерттеп жүрген испаниялық журналист Сезар Хараның дерегінше, секс саудасы Испанияға күніне 7-8 миллион еуро әкелетін көрінеді. Бұл көрсеткіш бойынша Испания Германиядан кейін екінші орында. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу