Испанияда пілдер тиелген көлік апатқа ұшырады

706

Испанияда пілдер тиелген көлік апатқа ұшырады

Испанияда цирк пілдерін алып бара жатқан жүк көлігі апатқа ұшырап, бір жануар өліп қалды. Тағы екі піл жарақат алды, деп хабарлайды 24.kz.

Оқиға елдің оңтүстік-шығысында, Посо-Каньяда қаласының маңындағы тас жолда болды. Аңдарды әкетіп бара жатқан жүргізуші басқа бір көліктен озамын деп жолдан шығып, аударылып қалған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар апаттан абдырап қалған алып жануарларды басқа көлікке отырғызу үшін кран көмегіне жүгінді. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу