Испанияда екі жүрдек пойыз рельстен шығып кетті, 10 адам қаза тапты

104

Зардап шеккендер туралы деректер әртүрлі испандық БАҚ-та әрқалай көрсетілген.  

Испанияда екі жүрдек пойыз рельстен шығып кетті, 10 адам қаза тапты Фото: unn.ua

Испанияның EFE ақпарат агенттігінің хабарлауынша, елдің оңтүстігіндегі Кордова провинциясының Адамус қаласында екі жүйрдек пойыздың рельстен шығып кетуі салдарынан 10 адамның қаза тапқаны белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

БАҚ мәліметінше, алдымен Малагадан Мадридке бағыт алған пойыз рельстен шығып кеткен. Ол қарсы бағытқа шығып кетіп, сол сәтте келе жатқан басқа пойызбен соқтығысқан. Соқтығысу нәтижесінде екінші пойыз да рельстен шығып кетті.

Апат болған жерден түсірілген бейнежазбалардан соқтығысудан кейін кем дегенде бір вагонның немесе локомотивтің аударылып қалғаны көрінеді.

AFP агенттігі пойызда болған жолаушылардың бірінің: "Соққының күші жер сілкінісіне ұқсас болды", – деген сөзін келтіреді.

Алдын ала ақпарат бойынша, екі құрамда барлығы 400-ге жуық адам болуы мүмкін. Қазіргі уақытта бұл учаскеде пойыздар қозғалысы толығымен тоқтатылды.

"Түсіп жатқан ақпарат өте ауыр", – деп жазды Х желісінде Испанияның көлік министрі Оскар Пуэнте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу