Істі болып жатқан дәрігердің адвокаты сұхбат берді

1660

Нұрсұлтан Күдебаевтың ісі бойынша тұтқындалған анестезиолог Асқар Тұңғышбаев қолхатпен бостандыққа шықты. 

Істі болып жатқан дәрігердің адвокаты сұхбат берді

Асқар Тұңғышбаевтың бостандыққа шыққанын Ұлттық медицина қауымдастығының президенті Айжан Садықова мәлімдеді. Оның сөзін Алматы денсаулық сақтау басқармасы да растады.

Кеше Алматыдағы нөмірі 4 қалалық аурухананың бас дәрігері және оның әріптесі анестезиолог қамауға алынды деген жаңалық қазақстандықтар арасында пікірталас туғызды. Бұл оқиғада бәлкім жабық қалар ма еді, егер қамауға алынған бас дәрігердің зайыбы Президент Қасым-Жоммарт Тоқаевқа хат жазып, көмек сұрамағанда.

Анестезиолог-дәрігер А. Тұңғышбаевтың жұбайы Әтіргүл Тұрымбетова өз ойын ортаға салды.

"Бір ай отырды, келді, қазір дәрі қабылдап жатыр. Қайта-қайта судорога болып жатыр, өңі бозарған. Біз енді тек Алладан үміт күтіп отырмыз, ақталса екен деп. Ол жазықсыз, кінәсіз. Атақ лауазымы барлар өз лауазымын пайдаланып отыр ғой. Дәрігерлік құқығынан әлі айырған жоқ секілді, білмеймін ол жағын", – дейді Әтіргүл Тұрымбетова.

Бір қызығы, Қанат Тезекбаев пен Асқар Тұңғышбаев қыркүйектің 2-інен бастап, яғни 20 күннен артық қамауда жатқан. Оларға қарсы анықталған нақты дәйектер жоқ көрінеді. Ендеше неге дәрігерлер қамалды ? Бір факт, қайтыс болған жігіт прокурордың орынбасары қызметін атқарған және Алматы полиция департементінің басшысы Серік Күдебаевтың ұлы екен. Президенттің өзі араласып, қоғамдық резонанс тудырмағанда, бас дәрігер мен анестезиолог әлі де қамауда жатар еді, тіпті дәлел болмаса да, сотталып кетер ме еді?

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу