Италияда 59 мигрант қайтыс болды

448

Бұл туралы "Ассоушейтид Пресс" агенттігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.   

Италияда 59 мигрант қайтыс болды Фото: BB com

Италияның оңтүстігінде ағаш қайық жартасқа соғылып, 59 мигрант ажал құшты. Құрбандар арасында 12 бала бар. Билік көз жұмғандар саны жүзге жетуі мүмкін деп қауіптенеді. 80 адам тірі қалған, оның 20-сы ауруханада. Із-түссіз жоғалып кеткендер де бар.

Италия полициясы мигранттарды Түркия арқылы заңсыз жолмен жеткізді деген күдікпен 1 адамды қамауға алып, тағы 3-уіне іздеу жариялады. 

- Калабрия аймағы қара жамылды. Біз бұл қайғылы оқиғаға бей-жай қарай алмаймыз. Калабрия босқындарға ашық аймақ, былтыр біз 18 мың мигрантты құшақ жая қарсы алғанбыз, - деді Роберто Окчиуто, Калабрия аймағының губернаторы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу