Италиядағы жол-көлік апатында зардап шеккен жолаушылардың арасында Қазақстанның 9 азаматы болды, оның бесеуі жарақат алды. Кейбірінің қабырғасы, енді бірінің омыртқасы сынған, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Ведомство дәрігерлердің көмегі көрсетіліп, одан әрі ем алуға ұсыныстар берілгендігін айтады.
"Біздің дипломат қазір отандастарымыздың жанында, оларға барлық қажетті көмекті көрсетеді, зардап шеккен азаматтардың туыстары болған жағдайдан хабардардар болды", – деп атап өтті баспасөз қызметінен.
Еске салсақ, кеше Сиена-Флоренция тасжолында Ресей, Армения, Қазақстан, Белорусь, Украина, Грузия, Румыния және Молдова азаматтары мінген екі қабатты туристік автобус аударылған еді. Оқиға салдарынан бір ресейлік әйел қаза болды.