Италияда ауруханада жатқан екі жерлесіміз санавиациямен Алматыға жеткізіледі

667

Шетелдік мамандардың медициналық қорытындысына сүйенсек, пациенттердің жағдайы тұрақты ауыр, көптеген жарақат алған.

Италияда ауруханада жатқан екі жерлесіміз санавиациямен Алматыға жеткізіледі

22 мамырда Италияда туристік автобус апатқа ұшыраған еді. Көліктің ішінде Қазақстан азаматтары да болған. Жарақат алғандардың екеуі әлі ауруханада жатыр. ҚР денсаулық сақтау министрлігі екі жерлесімізді елге алып келуге дайын екендігін жеткізді.

"Санавиацияның арнайы борты да әзір және пациенттер біліктілігі жоғары дәрігерлердің бақылауында болады. Санитарлық авиацияның мобильді бригадасы науқастарды тасымалдап қана коймай, өз кезінде мониторинг жүргізіп, отандастарымыздың жағдайын жіті қадағалайды, бортта  қауіпсіздігін қамтамасыз етеді",– делінген ведомство таратқан хабарламада.

Ұлттық жедел медицинаны үйлестіру орталығының мәліметінше, пациенттер алдағы тәулікте Алматыдағы медициналық мекемеге жеткізіледі. Шетелдік мамандардың медициналық қорытындысына сүйенсек, пациенттердің жағдайы тұрақты ауыр, көптеген жарақат алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу