Италияда Берлусконидің өсиеті жарияланды

384

Италияның бұрынғы Премьер-Министрі қолжазба хатқа ауруханада қол қойыпты.

Италияда Берлусконидің өсиеті жарияланды Фото: Ашық дереккөзден

Лейкемия диагнозына байланысты Сан-Рафаэль клиникасына жатқызылғанға дейін Италияның бұрынғы Премьер-Министрі Сильвио Берлускони әйелі мен балаларына қолжазба хат жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі РБК-ға сілтеме жасап.

Итальялық Corriere della Sera газетінің хабарлауынша, Берлускони бұл хатқа 2022 жылдың 22 қаңтарында қол қойған.

"Құрметті Марина, Пьер Сильвио, Барбара және Элеонора, мен Сан-Рафаэльге барамын. Егер мен қайтып келмесем, төмендегілерді ескеріңіздер", - делінген хабарламада.

"Менің мұрамнан бұл қайырымдылықты қабыл алыңыз: 

  1. Паоло Берлускони: €100 млн;
  2. Марте Фашине: €100 млн;
  3. Марчелло дель Утри: €30 млн", — деп жазады газет хаттың мазмұны.

Паоло Берлускони – саясаткердің ағасы, Марте Фашине – оның әйелі, Берлускони негізін қалаған "Алға, Италия" партиясының депутаты, Марчелло дель Утри — Берлусконидің жақын досы, бұрынғы сенатор.

Сильвио Берлускони 2023 жылы 12 маусымында қайтыс болды, ол ауруханадан шыққаннан кейін үш аптадан кейін 9 маусымда тағы да ауруханаға түсті.

Оның мұрасы €4 млрд деп бағаланды. Қалған үлестерді оның балалары иеленеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу