Италияда жол апатына түскен отандастар санавиациямен жеткізілуі мүмкін

1012

Айбек Смадияровтың айтуынша, екі әйел қазір ауыр жағдайда. 

Италияда жол апатына түскен отандастар санавиациямен жеткізілуі мүмкін

Италиядағы автобустың аударылуынан  зардап шеккен екі отандасымыз елге санавиациямен жеткізілуі мүмкін. Бұл жайында сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі хабарлады.

Айбек Смадияровтың айтуынша, екі әйел қазір ауыр жағдайда. Біреуінің 3 қабырғасы, ал екіншісінің 3 омыртқасы сынған. Басқа зардап шеккендер ауруханадан шығарылып, қонақ үйге орналыстырылған.

Айта кетсек, Италияның Сиена провинциясында автобустың аударылуынан зардап шеккендер саны 30-ға жетті. 1 адам қаза болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу