Италияда жол апатынан зардап шеккен қазақстандықтар елге жеткізілді

1308

Италияда жол апатына ұшыраған отандастырымыздың беті бері қарады.

Италияда жол апатынан зардап шеккен қазақстандықтар елге жеткізілді

Ауыр хәлдегі науқастарды санитарлық авиация қызметі Алматыға жеткізді, деп хабарлайды 24.kz.

Біреуіне №7 қалалық ауруханада операция жасалды. Ал екінші зардап шегуші Орталық клиникалық ауруханаға жеткізілген. Қазір қос науқастың жағдайы бірқалыпты ауыр деп бағаланып отыр. Айта кетейік, жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы Италияда 22 мамырда болған. Туристер мінген автобус жолдан шығып, аударылып кеткен. Бір жолаушы қаза тауып, 37 турист зардап шекті. Оның тоғызы Қазақстан азаматы.
"Бізге алып келгеннен кейін зерттеулер жасап, біз ота жасадық. Таракоцинтез дейді. Одан кейін сол жақ өкпе қуысына тринажпобелау дейді сондай операция жасадық. Қазіргі таңда жағдайы бірқалыпты ауыр. Есінде. Сөйлеп жатыр. Керекті ем шараларының бәрі жансақтау бөлімінде өткізіліп жатыр", - дейді №7 қалалық ауруханасы жансақтау бөлімінің меңгерушісі Есенай Еспембетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу