Италиядағы су тасқыны құрбандары саны 13-ке жетті

628

Табиғи апаттан кем дегенде 13 адам қаза тауып, 13 мыңнан астамы үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды, деп жазады inbusiness.kz BBC сайтына сілтеме жасап.

Италиядағы су тасқыны құрбандары саны 13-ке жетті Фото: BBC

Қатты нөсердің салдарынан Риминидің солтүстік-шығыс жағалауы мен Болонья қаласы арасындағы бір-бірінен 115 шақырым қашықтықта орналасқан өзендердің барлығы дерлік арнасынан тасыды. 

Қалалық аудандар мен ауылшаруашылық жерлерін су басып, 400 жол бүлінген. Түнде 280-ге жуық көшкін болды және эвакуациялау туралы шешім қабылданды.

Италия Қарулы күштері мен Жағалау күзеті құтқару жұмыстарына қосылды. Эвакуация үшін тікұшақтар мен үрлемелі қайықтар қолданылады.

Біраз аудандарда ауқымды тазарту-қалпына келтіру жұмыстары басталды. Билік электр қуаты ішінара қалпына келтірілгенін айтты, бірақ 27 мыңға жуық адам әлі де жарықсыз отыр. 

Coldiretti ауылшаруашылық ұйымы 5 мыңнан астам шаруа қожалықтары суға батып, ондаған мың гектар жүзімдіктер, жеміс ағаштары, көкөністер мен дәндер су астында қалғанын хабарлады.

Эмилия-Романья аймағының басшысы Стефано Боначини су тасқыны келтірген шығын мөлшері миллиардтаған еуроны құрайтынын айтты.

Түнде Риминидің батысындағы қалаларда эвакуациялау туралы бұйрық берілді. Вилланова тұрғындарына жоғарғы қабаттарға көшуге нұсқау берілді. Тасқын сулар бір күн бұрын Лугоның тарихи орталығына жетті.

Италиялық БАҚ-тың хабарлауынша, Эмилия-Романья аймағында 36 сағат ішінде алты айлық жауын-шашын мөлшері түскенін еске саламыз. Бастапқыда тоғыз адам қайтыс болды, кейбірі хабар-ошарсыз кетті, деп хабарланды.

Қауіпсіздік мақсатында осы демалыс күндері Эмилия-Романьяда өтуі керек болған "Формула-1" гран-при жарысы тоқтатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу