Танымал продюсер, актриса Дариға Бадықованың "байыса, қазақ байысын" деген сөзі көп талқыланған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Ана мультфильмге барып "позор" болып отырмайық. Бөтен елге ақшаны жіберіп, оларды байытуды қойғанымыз дұрыс. Ашығын айтамын. 27 қарашада "Моанаға" барған қазақтар болды. Бірақ, оларды сөкпеймін. Тек қандай қазақ екенін түсінбеймін. Сондықтан, байыса, қазақ байысын. Ештеңе жоқ, – деген еді актриса.
Артынша ол "Моанаға" баратын қазақтарды не үшін сынағанына тоқталды. Киножұлдыз қазақша дыбысталған мультфильмнен өз фильмі жақсы екеніне көпшілікті сендіруге тырысқан.
– Ұялмай басымды тік көтеріп айта аламын! Хейтерлерді де қуантып қою керек. Өсек айтып, жерден алып жерге салудың жүгі ауыр. Бәріне ұнауым шарт емес. Бірақ, қалың көрерменге рақмет айтамын. "Таптым-ау сені" ұнап жатыр шынымен. Осы жолғы бөлім керемет шықты, шүкір! – деп жазды Бадықова.
Кинопродюсер өзін сынаушыларға жауабын да айта кетті.
– Одан кейін "балалар мультфильмге бармасын" деген жоқпын. Қысқасы, әңгіме өрбіген кезде Голливуд жайында айттым. Өзіміздің киноны Голливудпен салыстыру, әбестік емес! Сондай ойда жеткізілді. Бұрмалаудың қажеті жоқ. "Өз елімнің киносына бармаңдар" деген жоқпын кейібір кісілер сияқты. Мен қаны қызу адаммын. Есігіңнің алдындағы ит жаман десе де, намыстанамын, – деп сөзін түйіндеді киножұлдыз.