Иығы сынды. Әнші Өмірқұл Айниязов ұлының жол апатына түскенін айтты

328

Өте шошытатын жағдай болды.

Иығы сынды. Әнші Өмірқұл Айниязов ұлының жол апатына түскенін айтты Фото: Әлеуметтік желіден

Көлікте қыз бала қайтыс болып кетті, ұлымда соның орнында болуы әбден мүмкін еді. Бұл туралы әнші Өмірқұл Айниязов "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Әншінің айтуынша, ұлы үйлену тойының алдында жол апатына ұшырап, аман қалған.

"Ауылда қарындасымыздың туған күні болған. Ұлым Нұртуған түнде Алматыдан Қызылордаға дейін таксимен шыққан. Таңғы сағат 8-8.30 шамасында жүргізуші ұйықтап кетіп жол жиегінде тұрған Газелге соғылған. Сөйтіп баламның екі тісі сынды, иығы сынды. Артында отырған қыз бала қайтыс болып кетті, қалғандары аман", - деді ол.

Сондай-ақ әнші бұл жайтты тойдың алдында шошытатындай сынақ болған шығар деп қабылдағанын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу