Ақтөбеде жоғалып кеткен директор мен оның досының мәйіті шаруашылықтың су бөгенінен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Екі адамның да мүрдесі табылды. Ауылда байланыс жоқ. Сондықтан нақты ақпарат бере алмаймын. Төтенше жағдайлар қызметі су бөгенінде жүр",- деді ТЖД судан құтқару қызметінің жетекшісі Оксана Кичигина.
Еске салсақ, 6 қазан күні бір топ адам балық аулауға шығып, су ортасына қайықпен барған екі адам хабарсыз кеткен. Бүгін іздеу жұмыстарын сүңгуірлер жүргізді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу