"Изоляторда адвокаттардың шалбарын шешіп тексереді" – ІІМ түсініктеме берді

Осыған дейін Қостанай облысында аталған жайт туралы мәлім етілген еді.     

"Изоляторда адвокаттардың шалбарын шешіп тексереді" – ІІМ түсініктеме берді Фото: Наша Газета
>Ішкі істер министрінің орынбасары – Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы Абай Қайырбеков дәл осы ыңғайсыз жағдайдың себебін түсіндіріп өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 
 
Оның сөзінше, бұл – ортақ тәртіп. Ішкі істер министрінің орынбасары түсініктемесінде мәселенің ақ-қарасын ажыратып, бұл әдістің неліктен жүзеге асып жатқанына тоқталды. 
 
– Бұл жерде мекеме қызметкерлерінің әрекетінде заңға қайшылық жоқ. Тергеу изоляторына келген тұлғалардың бәрі ортақ тәртіппен тексеруден өтеді. "Толық тексеру" дейтін ұғым бар. Қажет болған жағдайда, осы әдіс қолданылады. Нақты бұл адвокат тексеруден өткен жағдайда металл детекторы белгі берген. Сондықтан, оған толық тексеруден өту ұсынылды, – деп сөзін нақтылады ол.
Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасының "бұл адвокат" деп атауы тікелей Талғат Есімов есімді адвокатқа қатысты болып отыр. Өйткені, "изоляторда адвокаттардың шалбарын шешіп тексереді" дегенді сол кісі хабарлаған-ды. 
 
Бұған дейін Абай Қайырбеков Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің жазасын қандай камерада өтеп жатқанын айтқан болатын.  
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу