ХАМАС 3 адамды, ал Израиль 110 тұтқынды босатады

Мұның бәрі – атысты тоқтатудан туындаған шешімдер. 

ХАМАС 3 адамды, ал Израиль 110 тұтқынды босатады Фото: Мир 24

ХАМАС 110 палестиналық тұтқынның орнына бірнеше израильдікті жіберуі керек, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Израиль Газадағы 3 израильдік тұтқынды, оның ішінде бір әскери тұтқынды босату үшін 110 палестиналыққа еркіндік берді деп хабарлаған "Анадолу" агенттігі. 

– Палестиналық тұтқындар Рамалла муниципалитетіне тиесілі мекемеде медициналық тексеруден өтеді, – делінген хабарламада.

Израильдің әділет министрі Ярив Левин бұған дейін бостандыққа шыққан әрбір Израиль азаматы үшін ел билігі 30 палестиналық тұтқынды, ал әрбір әйел әскери қызметкерге 50 палестиналықты босатады деп мәлімдеген еді.

Атысты тоқтату туралы келісім жасалғаннан кейін ХАМАС барлығы 7 кепілге алынған әйелді, алдымен үш, кейінірек тағы төрт әскери әйел қызметші босатқан. 

Террористердің кепілге алған 33 адамды босатуы үшін Израиль 1900-ге жуық палестиналықты, соның ішінде ауыр қылмыстары үшін сотталғандарды босатуға уәде берген. 
Газа секторындағы оқ атпау режимі туралы келісім 19 қаңтарда күшіне енген. Бірінші кезең 42 күнге созылады. Бұл уақытта ХАМАС 30 израильдікті, ал Израиль 2 мыңға жуық палестиналықты жіберуі керек. Бұдан бөлек, Израиль Газа секторының халық тығыз қоныстанған аумағынан әскерін әкетуі керек. 

Бұған дейін Израильдің әрбір азаматы үшін 30 палестиналық тұтқын босатылатынын жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу