Израиль Премьер-министрі қорғаныс министрін қызметінен босату туралы шешімнің күшін жойды

539

Беньямин Нетаньяху Израильдегі наразылықтардан кейін Қорғаныс министрі Йоав Галантты қызметінде қалдырды. 

Израиль Премьер-министрі қорғаныс министрін қызметінен босату туралы шешімнің күшін жойды Фото: static.dw.com

Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Қорғаныс министрі Йоав Галанттың жұмыстан шығару туралы шешімін өзгертті. Бұл туралы Нетаньяху халық алдында сөз сөйлегенде мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Министрлер кабинетінің басшысы Қорғаныс министрімен тәулігіне 24 сағат бірге жұмыс істейтінін және "келіспеушілікті біржола қоюды" шешкенін айтты.

Галанттың жұмыстан шығарылғаны туралы хабарлама 26 наурызда Үкімет басшысының кеңсесінің сайтында пайда болды. Жұмыстан босату туралы шешім Галант Нетаньяху үкіметі алға тартқан және Израильде жаппай наразылық тудырған сот реформасын ашық сынға алғаннан кейін шықты.

Соңғы апталарда Қорғаныс министрінің отставкаға кетуі туралы ақпарат таралуына байланысты Израильдегі жағдай шиеленісе түсті - Мемлекет Газа секторынан, Сирия мен Ливан тарапынан соққыға ұшырады. Нетаньяху 10 сәуірде наразылық білдірушілердің әрекетін террористік деп бағалады. Үкімет басшысы сот реформасының қарсыластарын елдегі ішкі алауыздыққа алып келді деп айыптады.

Нетаньяхудың даулы бастамасына қарсы наразылықтар Израильде бірнеше айдан бері жалғасып келеді және полициямен қақтығыстарға әкелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу