Билік аймақта төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты The Jerusalem Post басылымына сілтеме жасап.
Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен күрес жұмыстарын жалғастырып жатыр. Оларға Грекия, Италия, Кипр, Хорватия мен Болгариядан арнайы бригада көмекке келді. Бірақ, мамандар алапат өртті сөндіре алмай әлек. Бұған желдің екпіні кедергі келтіріп тұр. Әзірге оттың қалай тұтанғаны белгісіз. Дегенмен полиция қасақана өрт қойды деген күдікпен 18 адамды тұтқындады. Күдіктілердің бірі оқиға орнында ұсталса, қалғаны қылмысқа қатысы бар деп айыпталды. Тергеу жалғасып жатыр.
Өрт 30 сәуірде Иерусалим тауы маңайында басталған. Осыған дейін 23 адам зардап шекті.
Бұған дейін Израиль орман өртін сөндіруге үшін 6 елден көмек сұрағанын жазған болатынбыз.