Kaspi.kz IPO өткізетінін мәлімдеді

660

LSE-де акциялардың GDR саудасы қазанда өтеді. 

Kaspi.kz IPO өткізетінін мәлімдеді

Қазақстандық Kaspi.kz қаржы технологиялық холдингі лондондық биржадағы листингке дайындалудың кезекті кезеңінен өтіп, компания 2 қазанда IPO өткізетін болды. Бұл туралы Интерфакс-Қазақстан басылымы жариялады.

Ресми мәлімдеме бойынша, LSE-де акциялардың GDR саудасы қазанда өтеді. Бір GDR бір акцияға парапар болады. 

IPO-ны Morgan Stanley, Citigroup және "Ренессанс Капитал" ұйымдастырады. Сатушы акционерлер ретінде Baring Vostok Capital Partners (Asia Equity Partners Limited и Baring Vostok Nexus Limited), Goldman Sachs (ELQ Lux Holding) қорлары, Вячеслав Ким мен Kaspi.kz басқармасының төрағасы Михаил Ломтадзе белгіленген. Әр акционер IPO-ға шығарғаннан кейін де өз үлестерін сақтап қалады. Компания IPO-дан ешқандай қаражат алмайды. 

Kaspi.kz маркетплейс, қаржы-технологиялық платформа және төлем жүйесінде әрекет етеді. Компанияның акционерлері мыналар: Baring Vostok Funds - 35%, Ким - 32%, Ломтадзе - 26%, Goldman Sachs - 4%, менеджмент - 3%.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу