"Астана-Ерейментау-Павлодар" тас жолындағы проблемалық учаскеде жөндеу жұмыстары аяқталды

443

Павлодар облысында "Астана-Ерейментау-Павлодар" республикалық автожолындағы 235-259 шақырымды қамтитын проблемалық учаскеде жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев телеграм каналында жария етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Астана-Ерейментау-Павлодар" тас жолындағы проблемалық учаскеде жөндеу жұмыстары аяқталды Фото: gov.kz

Министрдің айтуынша, 138 мың шаршы метр жол жөнделіп, оған 35 жол-құрылыс техникасы жұмылдырылған. Асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстары толық аяқталды.

"Шынымен, аталған жолдың осы учаскесіне қатысты мәселе көп жылдан бері қордаланып, шешілмей келген еді. Айта кетерлігі, автомобиль жолдарының, оның ішінде жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының сапасы ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында маңызды орын алды. Бұған дейін Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай сапалы жергілікті жолдардың үлесін 95%-ға дейін жеткізуді тапсырған болатын. Бұл бағыттағы жұмыстар министрлігіміздің күн тәртібінен түспейді", - деді ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу