Қадір түнінде мешітте орындалатын діни рәсімдер онлайн режимде өтеді

998

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі пандемиялық жағдайды ескеріп, қауіпті дерттің таралуын алдын алу үшін қасиетті Қадір түнінде мешітте орындалатын діни рәсімдердің онлайн режімде өтетінін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz ҚМДБ мәлімдемесіне сүйеніп.

Қадір түнінде мешітте орындалатын діни рәсімдер онлайн режимде өтеді

"Қадір кешін үйде өткізу қажеттігін қаперлеріңізге саламыз. Халықтың денсаулығы мен өмірі бәрінен қымбат құндылық болғандықтан, осындай уақытша шешімді дұрыс қабылдауларыңызды және тәртіпке бағынуларыңызды сұраймыз. Әр адам өзінің отбасы мен қоғам алдындағы азаматтық әрі адамгершілік жауапкершілігін терең сезініп, жұқпалы дерттің таралмауына үлес қосса, Алланың жәрдемімен бұл сынақты да еңсереміз. Алла Тағала "Бақара" сүресінің 195-аятында "Өздеріңді өз қолдарыңмен қауіп-қатерге салмаңдар" деп бұйырған. Бұл аят баршамызға өмірлік ғибрат болуы тиіс",– деп жазылған діни басқарманың мәлімдемесінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу