Қай өңірде мемлекеттік қызметкерлер жемқорлықпен жиі ұсталады?

838

Өңірлік бөліністе әкімдіктер қызметшілерінің басым бөлігі Түркістан облысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға тап болды (13 адам).

Қай өңірде мемлекеттік қызметкерлер жемқорлықпен жиі ұсталады?

Ranking.kz порталының зерттеуіне қарағанда, елдегі сыбайлас жемқорлық мәселесі мемлекеттік органдарда көп. 2022 жылдың қаңтар-шілде айларында мұндай құқық бұзушылықтарды әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің 91 қызметшісі жасаған, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл – кейінгі жылдардағы рекордтық көрсеткіш. Мысалы, 2021 жылдың ұқсас кезеңінде 87 жемқор пара алған. 

Әкімшілік қызметкерлері мынадай баптар бойынша жауапқа тартылған:
* сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе ысырап ету (ҚР ҚК 189-ББ. 3-б., 2-т.) – 28 адам;
* пара алу (ҚР ҚК 366 бабы) 26 адам;
* пара беру (ҚР ҚК 367 бабы) 19 адам;
* алаяқтық (ҚР ҚК 190 – б.3-б., 2-т.) 14 адам.

Өңірлік бөліністе әкімдіктер қызметшілерінің басым бөлігі Түркістан облысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға тап болды (13 адам).

Еске салайық, 26 тамызда қол астындағы қызметкерінің сыбайлас жемқорлық жанжалына байланысты Түркістан облысының бұрынғы әкімі Өмірзақ Шөкеев отставкаға кеткен.

Түсіндіре кетсек, Кентаудың бұрынғы әкімі Дәурен Махажанов аса ірі көлемде пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жыл бас бостандығынан айырылды. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылар саны бойынша Қызылорда облысы (11 адам) және Шымкент қаласы (тоғыз адам) да антилидерлер қатарында болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу