Қай өңірлерде жайылымдық жерлер тапшы екені белгілі болды

126

Қазақстанда 4,3 млн гектар жайылымдық жер тапшы.   

Қай өңірлерде жайылымдық жерлер тапшы екені белгілі болды Фото: gov.kz

Депутат Аманжол Әлтай жайылымдық жерлердің тапшылығы байқалатын өңірлер туралы сөз қозғады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты  

"Өзіңіз баяндамада айтқаныңыздай, жайылымдық жерлердің тапшылығы екі есеге төмендеді дедіңіз. Жалпы бүгінгі күнде нақты қай аймақтарда жайылымдық жерлердің тапшылығы басым? Қай өңірлерде бұл мәселе жеңілдеді?", – деп сұрады депутат Мәжілісте өткен көмитет отырысында.

Ауыл шаруашылығы вице-министрінің сөзінше, жайылымдық жерлердің тапшылығы 4,3 млн гектарға тең. 

"Ең көбі Маңғыстау облысында – 2,4 млн гектар, Түркістанда – 539 мың гектар, Жетісуда – 470 мың гектар, Атырау облысында – 760 мың гектар қажеттілікті құрайды. Ұлытау мен Шығыс Қазақстанда қажеттілік жоқ. Бізде нақты алгоритм бар", – деді Азат Сұлтанов.

Айта кету керек, бұған дейін Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев жайылымдық жерлерді тиімді пайдалану мәселесін көтергенін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу