Қай өңірлердің инвестициялық тартымдылығы жоғары

2704

Еліміздің жалпы ішкі өнімінің 20%-ы Алматыға тиесілі.

Қай өңірлердің инвестициялық тартымдылығы жоғары

2019 жылдың қаңтар-қазанында еліміздің жалпы ішкі өнімі 4,4%-ға өскен, деп хабарлады Ranking.kz.  

Ел экономикасының дамуының негізгі факторы – инвестициялық белсенділік. Биылғы жылдың алғашқы он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 12,5%-ға артып, 9,7 трлн теңгені құрады. Ал 2018 жылы ЖІӨ 4,1%-ға өсіп, 61,8 трлн теңге болған. 

2018 жылы Қазақстан экономикасының дамуына ең үлкен үлесті Алматы қаласы қосты. Іскерлік орталық елімізде жалпы аймақтық өнім бойынша 12,1 трлн теңгемен немесе ЖІӨ-нің 19,6%-ымен қамтамасыз етті. Сонымен қатар мегаполисте сауда мен туризм саласы жақсы дамыған.

2019 жылдың алғашқы он айында шаһар экономикасының барлық саласы алға жылжыған. Мәселен, 2018 жылы өндірістік тауарлар шығару көлемі 5,1%-ға артып, 780,2 млрд теңгеге тұрақтады. Бұл ретте Алматының негізгі капиталына құйылған инвестиция көлемі 6,8%-ға артып, 609,9 млрд теңгеге жетті. Жалпы 2019 жылдың екінші тоқсанында қала тұрғындарының табысы 7,4%-ға жоғарылап, орта есеппен 234,9 мың теңгені құрады. 

2018 жылы ЖІӨ бойынша екінші орынға Атырау облысы тұрақтады. Мұнайлы өлке өткен жылы ел экономикасына ЖІӨ бойынша 12,6%, яғни, 7,8 трлн теңге үлес қосты. 2019 жылдың бірінші жартысында Атырау облысының ЖАӨ-і 6,3%-ға жоғарылап, 4,2 трлн теңгені құрады. Бұл өңірде ЖАӨ бойынша негізгі қаржы көзі тау-кен өндірісі саласы. Сонымен қатар 2019 жылдың екінші тоқсанында аталған аймақ тұрғындарының орташа айлығы 9,9%-ға өсіп, 153,7 мың теңгеге жетті. 

Ал Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы жоғары өңірлерінің үштігін елордамыз Нұр-Сұлтан түйіндейді.

2018 жылы астанамыз Қазақстанның ЖАӨ-нің 10,8%-ын өндірді. Бұл еліміздің ЖІӨ бойынша 6,7 трлн теңге. Мегаполистің қаржылық тартымдылығын құрылыс, сауда және өнідіріс салалары арттыруда. Биылғы жылдың алғашқы он айында өндірістік тауарлар өндіру көлемі 11,6%-ға жоғарылап, 567,3 млрд теңгеге жетті. Қаланың негізгі капиталына құйылған инвестиция көлемі 708,3 млрд теңгеге өсті. 2019 жылдың екінші тоқсанында Нұр-Сұлтан тұрғындарының табысы  6,2%-ға көбейіп, орта есеппен 226,7 мың теңгені құрады. 

Ал 2019 жылдың алғашқы жартыжылдығында тікелей шетелдік инвестиция көлемі бойынша Атырау облысы көш бастады. Мұнайлы өлкеге салынған ТШИ 5,7 млрд долларға жетіп, жалпы Қазақстанға шетел инвесторлары салған қаржының 47,3%-ын құрады. 

ТИШ бойынша екінші орында 2,5 млрд доллар немесе 21% көрсеткішімен Алматы. Мегаполис Doing Business 2019 рейтингінде еліміз бойынша бірінші орынға тұрақтады. Financial Times мәліметтеріне сүйенсек 2019 жылдың алғашқы тоғыз айында шаһарда жалпы құны 296,9 млн доллар тұратын 5 шетелдік  жоба бастау алған. 

Ал ТИШ бойынша үшінші сатыға 1 млрд доллар көрсеткішімен Шығыс Қазақстан облысы тұрақтады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу