"Қайғыны көтере алмаған": Анасының жол апатынан қаза тапқанын естіген ұлы да көз жұмды

Бұған дейін дәрігер Назгүл Мұратқызының Қандыағаш – Шалқар бағытындағы жолдың Жұрын кенті маңында көз жұмғанын жазған едік.

"Қайғыны көтере алмаған": Анасының жол апатынан қаза тапқанын естіген ұлы да көз жұмды Фото: Ақтөбе сергек

Қаралы оқиға 23 қараша күні болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Диапазон" газетіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, әйел оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Жол апаты кезінде көлікте жүргізуші жалғыз болған, яғни ұлының өліміне мұның қатысы жоқ. Кей деректерде ұлы сол күні өз-өзіне қол жұмсағаны айтылады. Аталған ақпаратты Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі растап отыр. 

– Renault автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегіне түсіп кетіп, аударылды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші әйел оқиға орнында көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, – делінген хабарламада. 

Мұғалжар аудандық ауруханасының ұжымы оториноларинголог дәрігер Назгүл Кантуренованың отбасы мен туған-туыстарына, жақындарына көңілқосын білдірді. 

– Біз әріптесімізді білікті маман, ақжарқын жан және айналасына әрдайым қамқорлық таныта білген аяулы жан ретінде есте сақтаймыз, – деп жазды Мұғалжар аудандық ауруханасының ұжымы.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі дәрігердің бұл уақытта еңбек демалысында болғанын хабарлаған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу